ТҰҰМ төрағасы Израильдің геноцид жасағанын атап көрсетті

Нуман Куртулмуш: "Израильдің Палестинада жасағандары толығымен геноцид".

2063830
ТҰҰМ төрағасы Израильдің геноцид жасағанын атап көрсетті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш Израильдің Палестинада жасағандарының толығымен геноцид екенін атап көрсетті.

Нуман Куртулмуш Анталиядағы Қалалық мүфтилер кеңесі жиналысына қатысты.

Осына сөйлеген сөзінде «Израильдің бүгінгі күні Палестинада жасағандары толығымен геноцид» деген Куртулмуш Израильдің үлкен әскери күшіне қоса, АҚШ пен Еуропаның да қолдауын алғанын мәлімдеді.

«Менің ойымша, Израильдің ең үлкен күші бұлар емес. Израильдің ең үлкен күші – ислам әлемінің бейшаралығы, ауызбіршілігінің болмауы және ислам әлемінің қазіргі жағдайы» деген Мәжіліс төрағасы «(Израильдің қырғындары алдында) бәрінен және әр нәрседен бұрын  өзін сынап, дұрыс есеп беруге тиісті біздерміз» деді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар