ИЫҰ және Араб лигасы саммиті ортақ декларациясы жарияланды

Эр-Риядта өткен ИЫҰ және Араб Лигасы ортақ саммиті аяқталды.

2063396
ИЫҰ және Араб лигасы саммиті ортақ декларациясы жарияланды

Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта кеше өткен «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИКҰ) мен Араб Лигасының кезектен тыс бірлескен саммитінен» кейін ортақ мәлімдеме жарияланды.

Саммиттен кейін жасалған ортақ мәлімдемеге қарағанда Палестинадағы қырғынның тоқтатылуы және Израильдің шабуылдарының "соғыс қылмысы" деп танылуы тақырыбында келісті.

Қорытынды декларацияда Палестина халқы қауіпсіздік пен бейбітшілікке қол жеткізіп, барлық басып алынған құқықтарын қайтармайынша Израиль және басқа ешбір аймақтық елдің қауіпсіздік пен бейбітшілікке қол жеткізе алмайтыны, Израильдің оккупациясын жалғастыруының аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа және жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретіні расталды.

Декларацияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясынан да қырғынды айыптауы және «соғыс қылмысы» деп қабылдауы талап етілді.

Халықаралық Қылмыстық Соттың Израиль жасаған соғыс қылмыстарына қарсы тергеуді аяқтау керектігіатап көрсетілген декларацияда сондай-ақ барлық мемлекеттерді Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрі экспортын дереу тоқтатуға шақыру айтылды.

ИЫҰ және Араб Лигасы Ортақ саммиті декларациясында Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Израильдің химиялық қару қолданысын тексеруге шақырылып, жәрдем керуендерінің Газа секторына кіруінің мәжбүрленуі талап етілді.

Декларацияда халықаралық құқық, халықаралық заңдылық шешімдері және «бейбітшілік елі» қағидасы аясында Израильдің Иерусалимнің шығысына қоса Палестина жерінде Голан жоталары, Ливанға тиесілі Шиба фермалары, Кафр Шуба төбелері мен әл-Мари қаласының сыртқы аудандарындағы оккупациялағаның жойылуы және екі мемлекетті шешімді жүзеге асыру үшін халықаралық бір бейбітшілік конференциясын ең қысқа уақытта жиналуы үшін шақыру жасалды.



Ұқсас жаңалықтар