Президент Ердоған ұшақта журналисттерге мәлімдеме жасады

Ердоған ЭЫҰ-ның 16-шы Көшбасшылар саммитінен оралғанда журналистерге мәлімдеме жасады

2062915
Президент Ердоған ұшақта журналисттерге мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторындағы қырғынға қолдауының АҚШ-ты наразылық нысанасына айналғанын білдірді.

Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 16-шы Көшбасшылар саммиті өткен Өзбекстаннан оралған ұшақта журналистерге мәлімдеме жасады.

Анкараға сапары кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің жылы қарсы алынбағаны туралы көзқарасқа тоқталған Ердоған Түркия Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық талаптары мен протокол ережелерін өте жақсы білетінін және жүзеге асыратынын айтты.

«АҚШ-қа бүкіл әлем наразылық білдіруде, неге? Өйткені Израильдің Газадағы қырғынын қолдау АҚШ-ты наразылықтардың нысанасына айналдырды» деген Ердоған «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкеннің ең үлкен қателігі басында болды. Израильге барғанда «Мен осында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы болуымен қатар бір еврей ретінде келдім» десеңіз, осыған бір жауап болады. Бұл жауап не? Бұған жауап ретінде Стамбул Йеникапыға кенеттен 1,5 миллион адам жиналды. Түркияның түкпір-түкпірінде көптеген осындай қауымдастықтың бас қосуы. Ұлыбритания, Франция және АҚШ-та Ақ Үй алдына он мыңдаған адам жиналды. Міне осылардың барлығы бір белгі» деді.

Дипломатияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, адамды негізге алатын ұстанымдардың майданда жауап табуы үшін күш салып жатқандарын атап көрсеткен Ердоған Адам құқықтары мен халықаралық құқық бұл лас соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтатуды бұйырады. Ешкім өзін халықаралық құқықтан тыс көрмеуге тиіс және мұндай абайсыздыққа кез-келген адам қарсы тұруы керек. Өкінішке орай мен айтқан абайсыздықтың ошағы Израиль болып табылады. Израиль мәселесі шешілмейінше, біздің аймақта да, әлемде де бейбітшілік пен халықаралық құқықтық тәртіп болуы мүмкін емес» деді.

Ердоған қазіргі уақытта Израиль халқының 60-70 пайызының Израиль Премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға қарсы екенін атап көрсетті.

Хамастың бейбіт тұрғындарды кепілде ұстауға мүдделі емес екенін айтқан Ердоған «Керісінше, Израильдің палестиналықтарды босатуы керек. Енді Түркия ретінде бұл жерге араласатын болсақ, Израиль істеу керек нәрсе – палестиналықтарды тез арада босатуы, екінші жағынан Хамастың қолындағы израильдіктерді дереу босату» деді.



Ұқсас жаңалықтар