Анытқабір азаматтарға толды

Түрік халқы ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу үшін Анытқабірде жиналды.

2063003
Анытқабір азаматтарға толды
anitkabir ziyaret3.jpg
anitkabir ziyaret2.jpg
anitkabir ziyaret1.jpg
anitkabir ziyaret.jpg

Ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден озуының 85 жылдығына орай көптеген азамат Анытқабірге келді.

10 қараша күні президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен мәртебелі тұлғалар қатысқан салтанатты рәсімнен кейін Анкарада Ататүріктің мүрдесі орналасқан Анытқабір зияратшыларға ашылды.

Түркияның түкпір-түкпірінен келген азаматтар Ататүріктің кесенесін зиярат етіп, дұға бағыштап, бір минут үнсіз еске алды.

Әскерлердің салтанатты рәсімі келушілердің назарын қатты аударды.

Келушілер Ататүріктің таспаға жазылған «Республиканың 10 жылдығына арналған үндеуін» тамашалауға мүмкіндік тапты.



Ұқсас жаңалықтар