Түрік Қарулы күштері 12 нысанды жойды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі террормен күрес операциялары туралы мәлімдеді.

2062034
Түрік Қарулы күштері 12 нысанды жойды

Ирактың солтүстігінде Гара және Кандилге бағытталған әуе операцияларында террор ұйымы PKK/KCK-ға тиесілі және ішінде террористтер бар 12 нысан жойылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде PKK/KCK және басқа террористтерді залалсыздандырып, Ирактың солтүстігінен Түркияға және қауіпсіздік күштеріне бағытталған террор шабуылының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуе операциясы жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде әуе операциялсының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-ші бабынан туындайтын өзін-өзі қорғау құқықғына сәйкес орындалғаны баса айтылды.

Мәлімдемеде кеше Түркия уақытымен сағат 18.00-де Гара мен Кандил аймақтарында террор нысандарына әуе операциясы жасалғаны аталып, «Операциямен бөлшектеуші террор ұйымы пайдалаған және ішінде террористтер бар үңгір, бункер, баспана мен қоймалардан тұратын 12 нысан жойылды. Жасалған операцияларда отандық оқ-дәрілер барынша қолданылып, көптеген террорист залалсыздандырылды. Ұлтымыздың жүрегінен шыққан Түрік Қарулы күштері бірде-бір террорист қалмайынша, бұрынғыдай еліміз бен ұлтымыздың амандығы мен қауіпсіздігі үшін терроризмге қарсы табандылықпен күресуін жалғастырады. Бұл операциялар барысында жазықсыз бейбіт тұрғындарға, тарихи-мәдени құндылықтарға және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық сақтық шаралары қабылданды.

Екінші жағынан Сирияның солтүстігінде 4 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар