Президент Ердоған Өзбекстанға аттанды

Ташкентте Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммиті өтеді.

2061855
Президент Ердоған Өзбекстанға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға аттанды.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда сапар аясында президент Ердоған бейсенбі күні Саммиттің сессиясында сөз сөйлеп, қатысушы басшылармен өзара кездесулер өткізеді.

Саммит аясында «Түркия құрылтайшысы болып табылатын Ұйымның тиімділігін арттыру, мүше елдер арасындағы сауда-саттықты, көлік желілерін және байланыстарды жақсарту» сияқты тақырыптарда пікір алмасу жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар