Министр Йерликая мен Кааре Дыбвад Бек Анкарада бас қосты

Министр Йерликая әлеуметтік желідегі аккаунтынан кездесу туралы хабарлама жасады.

2061659
Министр Йерликая мен Кааре Дыбвад Бек Анкарада бас қосты

Ішкі істер министрі Али Йерликая Данияның Иммиграция және интеграция министрі Кааре Дыбвад Бекпен бас қосты.

Министр Йерликая бас қала Анкарада Ішкі істер министрлігіндегі кездесуге байланысты әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада Бек екеуі министрліктер арасында, әсіресе тұрақсыз көші-қонмен күрес саласында тәжірибе бөліскенін атап, «Біз елімізді тұрақсыз көші-қон тұрғысынан «нысандық және транзиттік ел» болудан тез арада шығаруды мақсат етеміз. Осы тұрғыда біз көршілерімізбен және басқа да шет елдермен ынтымақтастығымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар