Президент Өзбекстанға аттанады

Президент Ердоған Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысады.

2061499
Президент Өзбекстанға аттанады

Президент Тайып Ердоған ертең Өзбекстанға аттанады.

Президент Ердоған 8-9 қараша күндері Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) саммитіне қатысады.

Биыл 16-шы рет ұйымдастырылып отырған саммит екі күнге созылады. Ердоған саммит аясында делегациялар арасындағы кездесулермен қатар басшылармен де кездеседі.

Израильдің 7 қазаннан бері Палестинаға үздіксіз шабуылдарын тоқтатуы және Палестинаға тез арада гуманитарлық көмек жеткізу саммитте талқыланатын мәселелердің қатарында.

Саммитте мүше елдер арасындағы сауда, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту үшін қадамдар жасалады.

Аймақтық мәселелер де талқыланатын саммитте аймақ пен Түркия арасында тікелей құрлық байланысын құратын Зенгезур дәлізінің соңғы кезеңі де қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар