АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесудің артынан еліне қайтты

Энтони Блинкен Сыртқы істер министрлігінде Хакан Фиданмен бас қосты.

2060977
АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесудің артынан еліне қайтты
hakan fidan-blinken.png

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуінде Газада атысты тоқтатудың «жедел» жариялануы керектігін баса айтты.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ресми сапармен бас қала Анкараға келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

Кездесуде Газа секторындағы жағдай, аймақтық мәселелер және өзара қарым-қатынастар талқыланды.

Сыртқы істер министрлігі ақпарат көздеріне қарағанда кездесуде Газа секторындағы жағдай, аймақтық мәселелер және өзара қарым-қатынастар талқыланды.

Таяу Шығыста екі мемлекетті шешім үшін бірігіп жұмыс істеу қажеттігі баса айтылып, Швецияның мүшелігі аясындағы НАТО-ның кеңею үдерісі талқыланды.

Шамамен 2,5 сағатқа созылған кездесудің артынан ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Блинкен кездесуден кейін Анкарадан еліне оралды.

Екінші жағынан Түркия жастар одағының мүшелері Сыртқы істер министрлігі ғимараты маңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Түркияға сапарына наразылық білдірді.

Анкара Палестина Ынтымақтастық платформасы да кеше кешкісін бас қалаға іс-сапармен келген Энтони Блинкенді АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі алдында протест етті.

АҚШ министрі Түркияға келмес бұрын Иракқа бір сапар жасап, Бағдатта премьер-министр Мұхаммед Шиа Суданимен кездесті. Блинкеннің осы сапарында оқ өткізбейтін жилет кигені байқалды.



Ұқсас жаңалықтар