Ирактың солтүстігінде 15 нысана жойылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) операциялармен байланысты мәлімдеме жасады.

2060411
Ирактың солтүстігінде 15 нысана жойылды

Ирактың солтүстігіндегі Хакуркқа бағытталған әуе операциясында ішінде жауапты деңгейде террористтер де бар 15 нысан жойылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) «Олардың ұяларын жоюды жалғастырамыз» тақырыбымен әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «PKK/KCK және басқа да террорист топтарды залалсыздандыру арқылы Ирактың солтүстігінен халқымызға және қауіпсіздік күштеріне бағытталған лаңкестік шабуылдарды жойып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабынан туындайтын өзімізді қорғау құқығына сай Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында 2023 жылы 4 қараша күні сағат 19.30-да террорлық нысаналарға әуе операциясы жүргізілді. Бөлшектеуші террор ұйымы тарапынан қолданылған және ішінде жауапты деңгейде террористтер де бар екені болжалған үңгір, баспана және қоймалардан тұратын барлығы 15 нысана жойылды» делінді.

Операцияда отандық оқ-дәрілерді максималды пайдалану арқылы көптеген террористің залалсыздандырылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде террормен күрестің соңғы террористің көзін құртқанша белсенді және табанды түрде жалғасатыны айтылды.

Мәлімдемеде операция кезінде жазықсыз бейбіт тұрғындар, дос күштер, тарихи-мәдени құндылықтар мен қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін барлық шаралардың қабылданғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар