«Батырлар операциясы» аясында 21 нысана жойылды

Ішкі істер министрі террор ұйымы PKK-ға бағытталған соңғы операциялар туралы мәлімдеді.

2060428
«Батырлар операциясы» аясында  21 нысана жойылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая «Батырлар операциясы» аясында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға тиесілі 21 үңгір мен баспананың жойылғанын хабарлады.

Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасынан жасаған мәлімдемесінде террор ұйымы мүшесі террористтер қыс айларында паналау үшін ауылдық аймақтарда дайындаған үңгір мен баспаналарды жою үшін 8 қалада 18 мың 500 жандармерияға қоса «Батырлар операциясы» жүргізілгенін білдірді.

«Террористтердің індерін бір-бірлеп қиратып жатырмыз, жоюды жалғастырамыз» деген министр Йерликая  8 қаладағы операцияларға «J-SİHA»-ға (Жандармерия қарулы пилотсыз әуе көлігі) қоса, «Атак» әскери тікұшағының қолдау көрсеткенін білдірді.

Йерликая операцияларда 21 үңгір мен баспананың қиратылғанын, көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік, күнделікті материалдар, медициналық құралдар және ұйымдық құжаттардың тәркіленгенін атап көрсетті.

Йерликая «Террормен күрес соңғы террорист залалсыздандырылғанша табандылықпен жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар