Президент Ердоған Қазақстанда
Ердоған Астанада Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркі Мемлекеттері Ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Қазақстанның бас қаласы Астанаға барды.
Кездесулер баспасөзге жабық түрде өтті.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ердоған 2-3 қараша күндері Қазақстанның бас қаласы Астанада «Түрік дәуірі» тақырыбымен өтетін саммитке қатысады.
Ұйымның кезекті төрағалығының Өзбекстаннан Қазақстанға өтетін саммитте басшылар ұйым аясында ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жұмыстарды талқылайды.
Көшбасшылар өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасатын 3 қараша күнгі отырыста қатысушыларға үн қататын президент Ердоғанның екіжақты кездесулер жоспарлағаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.