Хакан Фидан Газа секторы дипломатиясын жалғастыруда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Грекия, Иордания және Сауд Арабиясы әріптестерімен сөйлесті.

2059269
Хакан Фидан Газа секторы дипломатиясын жалғастыруда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Грекия, Иордания және Сауд Арабиясы әріптестерімен Газадағы соңғы оқиғаларды талқылады.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Хакан Фидан Грекия Сыртқы істер министрі Джордж Герапетритис, Иордания Сыртқы істер министрі Айман Сафади және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фарханмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелер барысында Газа секторында дереу атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жасалуы мүмкін қадамдардың талқыланғаны айтылды.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригасы 7 қазан күні таңертең Израильдің «Палестиналықтарға және әл-Ақса мешітінен бастап, қасиетті құндылықтарға қарсы қайталанатын бұзушылықтарына жауап ретінде» ауқымды шабуыл жасады. Израиль армиясы болса Газа секторына қарқынды түрде әуе шабуылдарын бастады.

Израильдік лауазымдылар Газадан жасалған шабуылдарда 315 әскер, барлығы 1400-ден астам израильдіктің қаза тапқанын және 5 мың 132 адамның жараланғанын хабарлады.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Хагари Газа секторында әл-Кассам бригадасының қолында 240 израильдік тұтқын бар екенін білдірді.

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 9 мыңға жуық адам қаза тауып, 22 мыңнан астам адам жарақат алды.

 



Ұқсас жаңалықтар