Алтуннан халықаралық қауымдастыққа шақыру

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мәлімдеме жасады.

2059423
Алтуннан халықаралық қауымдастыққа шақыру

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Газада міндетін атқару кезінде қаза тапқан баспасөз өкілдері үшін халықаралық қоғамның, баспасөз және медиа  кемелерінің қатты наразылық көрсету керектігін атап көрсетті.

Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Израильдің 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған ауыр шабуылдарында 38 журналистің қаза тапқанын білдірді.

Бала, әйел, қарт, журналист, медицина қызметкері демей адамдардың қырылғанын адам құқықтары бұзушылығының шыңға көтерілгенін, баспасөз бостандығы мен ақпарат алу құқығының еленбейтінін, бұғатталып жатқанын, тіпті міндетін атқарған журналистердің өлтірілгенін және бұл процестің қабылданбайтынын баса айтқан Алтун «Халықаралық қауымдастық, баспасөз және БАҚ ұйымдарының осы ұят пен гуманитарлық дағдарысқа қарсы дауыс көтеріп, борышын өтеу кезінде қаза тапқан баспасөз өкілдері үшін  қатты наразылық көрсету керек» деді.

Алтун Израильді шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні таңертең Израильдің «Палестиналықтарға және әл-Ақса мешітінен бастап, қасиетті құндылықтарға қарсы қайталанатын бұзушылықтарына жауап ретінде» ауқымды шабуыл жасады. Израиль армиясы болса Газа секторына қарқынды түрде әуе шабуылдарын бастады.

Израильдік лауазымдылар Газа секторынан жасалған шабуылдарда 315 әскер, барлығы 1400-ден астам израильдіктің қаза тапқанын және 5 мың 132 адамның жараланғанын хабарлады.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Хагари Газада әл-Кассам бригадасының қолында 240 израильдік тұтқын бар екенін білдірді. Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 9 мыңға жуық адам қаза тауып, 22 мыңнан астам адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар