Ататүрік мавзолейінде рекорд

Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше Анытқабірге 1 миллион 182 мың 425 адамның келгенін,  бұның жаңа рекорд екенін білдірді.

2057858
Ататүрік мавзолейінде рекорд
anitkabir-29 ekim1.jpg
cumhuriyet muzesi 29 ekim.jpg
anitkabir 29 ekim.jpg

Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейі Анытқабір және Республика мұражайы ретінде қызмет беретін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің екінші ғимараты Республиканың 100 жылдығында рекорд деңгейде келушілерге есігін ашты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі 29 қазан Республика мерекесіне орай кеше Анытқабірге 1 миллион 182 мың 425 адамның келгенін,  бұның жаңа рекорд екенін білдірді.

Министрлік хабарламасында «29 қазан Республика мерекесіне байланысты Анытқабірге келген 1 миллион 182 мың 425 азаматымызға және қалың адамға байланысты ішкі кіре алмаған баршаға алғыс айтамыз. Республикамыздың 100 жылдығында Республикамыздың құрушысы, бас қолбасшы Гази Мұстафа Кемал мен Ұлтазаттық күрестің қаһармандарын тағы бір рет құрметпен еске аламыз» деп айтылды.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Республика мұражайы ретінде қызмет атқарған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің екінші ғимаратына 29 қазан күні 112 мың 366 адам келгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар