Ердоғанның Республиканың 100 жылдығына арналған құттықтауы

Президент Режеп Тайып Ердоған Республиканың 100 жылдығына орай құттықтауын жариялады.

2057290
Ердоғанның Республиканың 100 жылдығына арналған құттықтауы

Президент Режеп Тайып Ердоған Республиканың 100 жылдығына орай құттықтауын жариялады.

Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан «Республикамыздың 100 жылдық мерейтойына жеткендегі толқу мен мақтаныш сезімін бастан кешудеміз. Еліміз және әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын азаматтарымызды 29 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын» деді.

Түркия Республикасы Президент аппаратының әлеуметтік желідегі аккаунтынан 29 қазан Республика күнімен құттықтау жарияланды.

Хабарламада «Республикамыздың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүріктен бастап, Ұлтазаттық соғыста жеңіске жету үшін жанын пида етіп, осы жерлерді отанымызға айналдырған барша батырларды құрметпен еске аламыз. Осыдан 100 жыл бұрын ауыр беделдермен негізі қаланған Түркия Республикасын бірлік, ынтымақ, бауырластық сезімдермен бүгінгі өркениет деңгейінен жоғары көтеру үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Елімізде және шетелде тұратын барша азаматтарды 29 қазан Республика күнімен құттықтаймыз. Республикамыздың 100 жылдығы құтты болсын!» делінді.



Ұқсас жаңалықтар