Бүгін – 29 қазан Республика күні

Түркия Республикасының 100 жылдығы ел көлемінде ерекше іс-шаралармен атап өтіледі.

2057254
Бүгін – 29 қазан Республика күні

29 қазан Республика күні мерекелік іс-шараларының маңызды екі орталығы бас қала Анкара мен Стамбул болады.

Президент Режеп Тайып Ердоған мемлекет қайраткерлермен бірге Түркия Республикасының негізін қалаушы ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейіне барады.

Кейін Республика жарияланған 1-ші Мәжіліс ғимаратында салтанатты шара өтеді. Мұнда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш құттықтау баяндамасын жасайды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің алдынан Ұлыс алаңына қарай «Республиканың 100 жылдық» парады өтеді. «Соло түрік» Анытқабір үстінде акробаттық шоуын жасайды.

Әскери-теңіз күштері тарихындағы ең үлкен парад Түркия уақытымен сағат 17.00-де Босфор бұғазында өтеді. Парадта әсіресе «TCG Anadolu»-дан бастап, 100 кеме орын алады.

Кемелерге «Түрік жұлдыздары» мен "Соло түрікке" қоса 20 әскери ұшақ қосылады.

Парадқа қатысатын президент Ердоған 100 жылдық мерейтойға арналған баяндамасын жергілікті уақытпен 19.23-те жасайды.

"15 шілде шейіттері" көпірінде 2023 дронмен шоу жасалады. Босфор бұғазы жарықтандырылып, фейерверктер атылады.

«Соло түрік» және «Түрік жұлдыздары» акробаттық шоуы, ұйымдастырылатын көптеген іс-шара және концерттермен мерекелік шаттық шыңға көтеріледі.



Ұқсас жаңалықтар