Песков Түркияның 100 жылдығымен құттықтады

Песков Түркия мен Ресей арасында сенімге негізделген серіктестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенетінін білдірді.

2056775
Песков Түркияның 100 жылдығымен құттықтады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Түркияның өткен ғасырда дамығанын,  дамыған және ықпалды елге айналғанын айтты.

Песков Түркия Республикасының 100 жылдығына орай мәлімдеме жасады.  Ол Түркияның Республика мерекесінің 29 қазан күні тойланатынын айтып «Осы маңызды мерейтойда серіктестерімізді шынайы түрде құттықтаймын» деді. «Ресейде Түркияны жақсы көреді және табыстарына қуанады. Түркия тарихының ең үздік жетістіктерін сақтап қана қоймады, өткен ғасырда жетілді.  Дамыған және ықпалды елге айналды» деді ол.

Песков Түркия мен Ресей арасында сенімге негізделген серіктестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенетінін білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар