Дания Сыртқы істер министрі келеді

Түркия мен Дания арасындағы қарым-қатынастардың барлық аспектілері қарастырылады.

2056404
Дания Сыртқы істер министрі келеді

Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лөкке Расмуссен Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның шақыруымен ертең Түркияға ресми сапармен келеді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда сапар аясында өтетін кездесулерде Түркия мен Дания арасындағы қарым-қатынастардың барлық аспектілері қарастырылады.

Сондай-ақ Газадағы оқиғалар, Украинадағы жағдай, Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары, кейбір Еуропа елдерінде Құран Кәрімге жасалған шабуылдар сияқты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылады.


Этикеттер: #Түркия , #Дания

Ұқсас жаңалықтар