Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына қол қойды

Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына қол қойып, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне жіберді.

2054910
Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына қол қойды

Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасының әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жарияланған мәлімдемеде «Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырза 2023 жылы 23 қазан күні қол қойып, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) жіберді» делінді.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон президент Ердоғанның Швецияның НАТО-ға мүшелік хаттамасына қол қоюына ризашылығын білдірді.

Кристерссон әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Президент Ердоғанның Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына қол қоюын және оны ТҰҰМ-не ұсынуын құптаймыз. Енді парламенттік процедуралар басталады. Біз НАТО-ға мүше болуды асыға күтеміз» деді.

Столтенберг «Мен ратификациялау бойынша жылдам дауыс берілуін және жақын арада Швецияны НАТО-ның толық одақтасы ретінде қарсы алуды асыға күтемін. Президент Ердоғанмен өткен апта соңындағы кездесуімізде айтқанымдай, бұл одақтастықты одан күштірек және қауіпсіз етеді» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мэттью Миллер «Біз бұл қадамды құптаймыз. Бұл заң жобасының ТҰҰМ-де тез арада талқыланып, қабылдануын асыға күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар