Ердоған Израильге шақыру тастады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль билігін операцияларды дереу тоқтату үшін шақыру тастады.

2053826
Ердоған Израильге шақыру тастады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль билігіне азаматтық шабуылдардың ауқымын кеңейтпеу және қырғынға дейін баратын операцияларды дереу тоқтату үшін шақыру тастады.

Президент Ердоған Газаға бағытталған шабуылдың арттырылуының одан да көп қайғы, өлім мен көздің жасынан басқа ешнәрсе әкелмейтінін айтты.  Ол балаларды,  әйелдерді, бейбіт тұрғындарды, аурухана мен мектептерді, мешіттер мен шіркеулерді бомбалау арқылы қауіпсіздік қамдалмайтынын атап көрсетті.

Израиль билігінің қатеден қайту, мемлекеттік ақылмен қозғалудың орнына аймақтан тыс актерлердің арандатушылығымен террор ұйымы секілді қозғалғанын айтқан Ердоған «Батыс елдер арандатып отырған, батыстың медиа құралдарына ақтауға тырысқан осы қанды шабуылдардың тез арада тоқтауы керек. Барлық ел мен халықаралық ұйымдарды тез арада Газада атысты тоқтатуға байланысты қадам басуға шақырамын» деді.  

«Мұсылмандардың, иудейлердің, христиандардың және осы жерде өмір сүретін баршаның қауіпсіздігін кепілге алатын жаңа механизм құрылу арқылы ғана аймақта тұрақты тыныштық орнайды.  Түркия одан да көп жазықсыз адамның қанының ақпауы, гуманитарлық трагедия болмауы және Палестинадағы қақтығыстардың шешілуі үшін қолынан келгенді жасауды жалғастырады» деді Ердоған.



Ұқсас жаңалықтар