Израильдің шабуылдары Стамбулда протест етілді

Израиль АҚШ-тың Стамбулдағы бас консулдығы алдында протест етілді.

2053070
Израильдің шабуылдары Стамбулда протест етілді

Израильдің Газа секторындағы әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған бомбалы шабуылы АҚШ-тың Стамбулдағы бас консулдығы алдында протест етілді.

Шерушілер кешкі уақытта Сарыйер ауданындағы АҚШ-тың Стамбул Бас консулдығы алдына жиналып Газаға жасалған шабуылдарға наразылық білдірді.

Топ АҚШ пен Израильге қарсы ұрандар тастап, шабуылда қаза тапқандар үшін дұға еткен соң Құран оқыды.

Жасалған мәлімдемелерде АҚШ-тың басқыншы Израиль режимінің қамқоршысы және сыбайласы екені баса айтылды.

Газада ауруханаға жасалған шабуылда көптеген қорғансыз және жазықсыз адамның қаза тапқанына назар аударылған мәлімдемеде палестиналықтармен ынтымақтастық қайталанды.

Израиль алдыңғы күні кешке Газа секторы орталығындағы әл-Ахли баптистер ауруханасын бомбалап, қырғында 471 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Израильдің 7 қазан күні басталған шабуылдарында 3 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 12 мың 500-ден астам палестиналық жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар