42 террорист залалсыздандырылды

Ирак пен Сирияның солтүстігінде биыл залалсыздандырылған террористердің саны 1682-ге жетті.

2053160
42 террорист залалсыздандырылды

Соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде 42 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирак пен Сирияның солтүстігін қамтыған аймақта соңғы аптада 42 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Осылайша биыл залалсыздандырылған террористердің саны 1682-ге жетті.

Сирияның солтүстігіндегі операциялық аймақтарға террористердің қудалау мен шабуыл жасау әрекеттерінің жалғасып жатқаны атап көрсетіліп, «1 қаңтардан бері әскерлерімізге қарсы 400 арандату мен шабуыл жасалды. Дереу және бірнеше рет жауап беру арқылы соңғы аптада  26, жалпы 1272 террорист залалсыздандырылды» деп жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар