Сауд Арабиясына электронды виза ашылды

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрі Тевфик ер-Рабиамен кездесті.

2052111
Сауд Арабиясына электронды виза ашылды

Түркия  Сауд Арабиясының электронды виза тәртібіне қосылды.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрі Тевфик ер-Рабиа және онымен бірге келген делегациямен министрлікте кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастың алға жылжуы керектігін айтқан Уралоғлу «Визаны рәсімдеудегі жеңілдігіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл умра, қажылық және басқа сапарлар үшін айтарлықтай қолайлылық жаратады» деді. 

Тевфик ер-Рабиа сонымен бірге Түркияның электронды виза тәртібіне қосылғанын айтты.

Тевфик ер-Рабиа: "Электрондық виза тәртібі арқылы түрік азаматтары 5 минуттан аз уақыт ішінде немесе Сауд Арабиясының кез келген әуежайына барған кезде виза ала алады. Бұл виза бір жылға жарамды және олар 90 күн тұра алады. Электронды виза арқылы түрік азаматтары Мекке мен Мәдинаға барады және барлық аймақтар мен қалаларды аралай алады» деп мәлімдемеді.

Ер-Рабиа сонымен қатар Сауд Арабиясының әуе жолдарының орын сыйымдылығын арттырғанын және Анкарадан Мәдина мен Джиддаға рейстердің көбейгенін айтты.

Қонақ министр электронды визаның да, рейстер санының артуы да екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, туризм мен басқа да салаларға оң әсер ететінін білдірді.

Ер-Рабиа Түркияның отандық "Togg" көлігіне министр Уралоғлумен бірге мінгенін білдіріп, Түркияны құттықтады, "Togg" көлігін тез арада Сауд Арабиясында көргісі келетінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар