"Газада батпырауық ұшуы керек,  бомба емес"

Емине Ердоған әлеуметтік желіден түрік, ағылшын және араб тілдерінде жазба жариялады.

2052733
"Газада батпырауық ұшуы керек,  бомба емес"

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған халықаралық қоғамды Газа тақырыбында нақты қадам басуға шақырды. «Газада батпырауық ұшуы керек,  бомба емес. Баланың қуанышты дауыстары естілуі керек, ащы айқайлары емес.  Аспан ашық болуы керек» деді ол.

Емине Ердоған әлеуметтік желіден түрік, ағылшын және араб тілдерінде жазба жариялады. Ол 2009 жылы 10 қаңтар күні әлем басшыларының жұбайларымен «Палестинада бейбітшілік үшін әйелдер жиналысында» бас қосқандарын,  өлтірілген жазықсыз адамдар үшін әлемге үн қатқандарын еске салды. Ердоған «Сол күндері Газада қайғы мен көздің жасы болатын. Үлкен гуманитарлық трагедияға куә болған едік. Түркия ретінде зұлымдықтың қарсы алдына шығып, «Бейбітшілік» деп ұран салдық. Сол күндерге қайта оралдық.  Осы зұлымдыққа қарап отырған адам баласына үн қатамын.  Газада батпырауық ұшуы керек,  бомба емес. Баланың қуанышты дауыстары естілуі керек, ащы айқайлары емес.  Аспан ашық болуы керек» деді.

Емине Ердоған Түркияның Газа халқына көмек беруін жалғастыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар