Хакан Фидан Ван Имен телефонда сөйлесті

Екі министр телефондағы әңгімеде Израиль мен Палестинадағы оқиғалар мен Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын талқылады.

2051091
Хакан Фидан Ван Имен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда телефондағы әңгімеде Израиль мен Палестинадағы оқиғалар мен Израильдің Газаға жасаған шабуылдары талқыланғаны білдірілді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлады. Газадан Израильге мыңдаған зымыран атылды.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.

Израиль-Палестина қақтығысында екі жақтан да көптеген адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар