Хакан Фидан телефон дипломатиясын жалғастыруда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

2051279
Хакан Фидан телефон дипломатиясын жалғастыруда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Газа мен Израильдегі соңғы оқиғалар талқыланды.

Палестина Азаттық ұйымы Хамастың 7-ші қазан күні Израильге қарсы жасаған шабуылының артынан Израильдің Газа секторын нысанаға алған бомбалауында мыңдаған адам қаза тапты. Министр Фидан бұл процесте АҚШ-тық әріптесі Блинкенмен үш рет сөйлесті.

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде әңгімелесу талабының АҚШ-тан келгені аталып, «Палестина мен Израиль арасындағы соңғы оқиғалар және Газадағы гуманитарлық жағдайға қоса, министрнлер НАТО-ның кеңеюін де талқылады» делінді.

Хакан Фидан Малайзия Сыртқы істер министрі Замбри Абдул Кадир және Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лөкке Расмуссенмен де телефон арқылы сөйлесті.

Министр Фидан малайзиялық әріптесі Замбримен телефон әңгімесінде Израиль мен Палестинадағы соңғы өзгерістер мен Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылға назар аударды.

Фидан-Расмуссен әңгімесінде болса өзара қарым-қатынастар талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар