Ердоған «Дүниежүзілік азық-түлік күніне» орай бейне хабарлама жолдады

Стамбулда «2023 Дүниежүзілік азық-түлік күні» бағдарламасы ұйымдастырылды.

2051438
Ердоған «Дүниежүзілік азық-түлік күніне» орай бейне хабарлама жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірге бастаған Қаратеңіз бастамасымен 33 миллион тонна астық өнімнің әлемдік нарыққа жөнелтілуін қамтамасыз етіп, жаһандық аштық дағдарысы қаупінің алдын алынғанын білдірді.

Президент Ердоған Стамбулда өткен «2023 Дүниежүзілік азық-түлік күні» бағдарламасына бейне хабарлама жолдады.

Биылғы іс-шараның «Су – өмір тынысы, су – тамақ. Ешкімді қалдырмаңыз!» деген тақырыппен ұйымдастырылғанын еске салған Ердоған осы маңызды тақырып аясында өткізілетін іс-шаралардың су, судың өмірдің қайнар көзі екені туралы хабардарлықты арттыратынына сенетінін айтты.

Түркияның су ресурстарын барынша тиімді пайдалануға талпынғанын атап айтқан Ердоған «Суды қорғау мен отанды қорғау арасында табиғатта ешқандай айырмашылық көріп тұрған жоқпыз. Осы мақсатта біз үкімет ретінде соңғы 21 жылда еліміздің су және азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік беретін көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырдық» деді.

Президент Ердоған адамзаттың БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының ең маңызды тақырыптарының бірі болып табылатынын атап, «2030 жылға қарай нөлдік аштық» деген ұстанымынан бірте-бірте алыстап бара жатқанын баса айтты.

Ердоған «Әлемде әрбір 9 адамның 1-і аштыққа шалдығып отыр. Дегенмен дүние жүзінде жыл сайын 4-5 миллиард тонна азық-түлік өндіріледі. Бұл көрсеткіш 2050 жылға дейін болжанған әлем халқы үшін жеткілікті деп есептелсе де, өкінішке орай қазіргі әлем халқы үшін жеткіліксіз. Өйткені әлемде әр секунд сайын өндірілетін 127 тонна азық-түліктің 21 тоннасы ысырапқа ұшырайды» деді.

Ердоған соңғы кездері араларында Түркия да бар аймақтағы соғыс пен қақтығыстардың да азық-түлік дағдарысын тереңдеткеніне назар аударып, «БҰҰ-мен бірлесіп қолға алған Қаратеңіз бастамасымен 33 миллион тонналық астық өнімінің әлемдік нарыққа жөнелтілуін қамтамасыз ету арқылы жаһандық аштық дағдарысы қаупінің алдын алдық. Аштық қаупі бар аймақтардың, әсіресе Африканың ауыртпалығын жеңілдету бойынша күш-жігерімізді жалғастырамыз» деді.

Президент «Ертең емес, бүгіннен бастап 16 қазан күні «Дүниежүзілік азық-түлік күні» деп бастайық, азық-түлікті қорғап, тамақ ысырапшылдығын жояйық» деді.



Ұқсас жаңалықтар