Түркияның Газа секторына жәрдемдері жалғасуда

Израиль шабуылына ұшыраған Газа секторындағы тұрғындар үшін Түркия 3-ші жәрдем ұшағын жіберді.

2050915
Түркияның Газа секторына жәрдемдері жалғасуда

Израиль шабуылына ұшыраған Газа секторы тұрғындары үшін Түркияның гуманитарлық жәрдем тасымалдаған үшінші әскери жүк ұшағы бас қала Анкарадан ұшты.

Әскери жүк ұшағы газалықтарға Ұлттық Қорғаныс министрлігі, Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы мен Апат және төтенше жағдайлар басқармасының бірігіп дайындаған гуманитарлық көмегін жеткізеді.

Түркияның жәрдемін тасымалдаған 3-ші ұшақ Газаға жіберілетін гуманитарлық көмек материалдары үшін тағайындаған Мысырдың Халықаралық «Ариш» әуежайына жеткізілді.

«Рафах» шекара қақпасы арқылы Газаға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, ұзақ мерзімді азық-түлік, консервілер, көрпе-төсектер сияқты жәрдем материалдары жеткізіледі.

Түркияның Газа тұрғындарына гуманитарлық көмегін тасымалдаған алғашқы екі ұшақ кеше Мысырдағы «Ариш» халықаралық әуежайына қонды.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл бастағанын хабарлаған еді.

Израиль армиясы да әскери ұшақтармен Газа секторына бағыттап «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар