Сынақтан сүрінбей өтті

«Bayraktar TB3» ұшу аппаратының сынақ сәттері жарияланды.

2050519
Сынақтан сүрінбей өтті

Дүние жүзінде қысқа қону жолағы бар кемелерге қонатын тұңғыш қарулы ұшқышсыз ұшу аппараты болуы жоспарланған «Bayraktar TB3” алғашқы сынағынан сүрінбей өтті.

«Байкар» компаниясы тарапынан жасалған мәлімдемеде «Bayraktar TB3» ұшу аппаратының сынақ сәттері жарияланды.

Сынақтан сәтті өткен «Bayraktar TB3» «Байкар» компаниясы тарапынан отандық мүмкіндіктермен жетілдірілді.

Ұшу аппараты қысқа қону жолағы бар кемелерден көтеріліп қона алады. Барлау-бақылау және ақпарат жинау міндеттерін атқарады. Қанаттарының астында таситын оқ-дәрісімен де операция жүргізу қабілетіне ие.

Ұшу аппараты жиналмалы қанаттарымен де тікұшақ тасығыш және ұшақ тасығыш кемелерінде қолданылатындай қылып жобаланды. Ол бірінші рет сәуір айында таныстырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар