Ауғанстанға жәрдем жолданды

Түрік Қызыл жарты ай ұйымы Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге жәрдем жолдады.

2049918
Ауғанстанға жәрдем жолданды

Түрік Қызыл жарты ай ұйымы Ауғанстанның Герат уәлаятында жер сілкінісі ауыр зақымдаған ауылдардағы зардап шеккен 2 мың 250 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.

Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жасаған мәлімдемеде зілзаладан зардап шеккендерге жоспарланған гуманитарлық көмек аясында 10 мыңнан астам қиыншылықтағы отбасына жәрдем жеткізілетіні атап өтілді.

Мәлімдемеде аймаққа жіберілген алғашқы көмек аясында 2 мың 250 отбасына бір айға жететін азық-түлік пакетінің таратылғаны білдірілді.

Түрік Қызыл жарты ай ұйымы Ауғанстан делегациясының басшысы Фарид Ахмед Зия Ауғанстан халқының қиын күндерінде бірге болғандарын және көмектерінің бұдан былай да жалғасатынын айтты.

Гераттағы жер сілкінісі аймағында тұрақты жобаларды жүзеге асыратындарын айтқан Зия:

"Жер сілкінісінің алғашқы сәтінен бастап әрекетке кіріскен біздің командалар аймаққа тез жетіп, қажеттіліктерді бірден анықтады. Біз аймақтағы жер сілкінісінен зардап шеккен отбасылардың қажеттіліктерін анықтадық және бұл қажеттіліктерді қысқа мерзімде қанағаттандыру үшін жаңа қадамдар басамыз» деді.

7 қазанда Ауғанстанның батысында, Иранмен шекарада орналасқан Герат уәлаятында үлкендігі 6.3 балды құраған жер сілкінісі болды, аз уақыт ішінде 5.5, 6.3 және 5.9 балдық жер сілкіністерімен жалғасты.

Кеше таңертең Герат уәлаятында 6.3 және 5 балдық жер сілкінісі болды.

Талибанның уақытша үкіметі жер сілкінісінен шамамен 2 мың 500 адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланғанын хабарлады.

Сөз болып отырған жер сілкіністерінен кейін аймақта әлі де дүмпулер жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар