Ердоған Израильге қатаң ескерту жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильге мемлекет сияқты әрекет етуді ескертті.

2049486
Ердоған Израильге қатаң ескерту жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильді мемлекет емес, ұйым сияқты әрекет ететін болса, оған ұйым секілді қаралатынын ескертті.

Президент Ердоған өзі төрағасы болған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында сөз сөйледі.

Таяу Шығысда асқынған жағдайға тоқталған Ердоған сөзінде Израиль армиясының қоршауы астындағы Газа секторына жасалған шабуыл жайлы: "Газаға орынсыз және барлық  адамгершілік негізден алыс жасалған шабуылдар әлемдік қоғам алдында Израильді күтілмеген және қаламайтын жағдайға түсіруі мүмкін" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған "Израиль әкімшілігін мемлекет емес, ұйым сияқты әрекет ететін болса, оған ұйым секілді қаралатынын ұмытпауы керек" деп ескертті.

Ердоған әркімнің гуманитарлық көмекті тоқтату сияқты Палестина халқын толығымен жазалауды мақсат ететін ұшқары шешімдерден аулақ болуы керектігін атап өтті.

«Қақтығыс соғысы қаланың суын, электр қуатын, кіру-шығу жолдарын кесіп, инфрақұрылымын бұзып, мешіттерден шіркеулерге дейін барлық ғибадат орындары мен мектептерді қиратып, адамдардың негіздік азаматтық қажеттіліктеріне қол жеткізуіне кедергі жасап, бейбіт тұрғындар тұратын ғимараттарды бомбалап, ойрандау арқылы әртүрлі ұятты әдістермен жүргізілген бұл қақтығыс соғыс емес, қырғын болып табылады» деді  президент Ердоған.
Ердоған бейбіт тұрғындарға қарсы ешбір әрекет немесе азаматтық елді мекендерді нысанаға алған шабуылдарды дұрыс деп қарамайтындарын, соғыстың да бір қағидасы бар екенін және тараптардың оған бағынуы керектігіне сенетінін білдірді.

Ердоған "Өкінішке орай, бұл принцип Израиль мен Газадағы қақтығыстарда өте ауыр түрде бұзылуда. Біз Израиль аумағында бейбіт тұрғындардың өлтірілуіне айқын түрде қарсымыз" деді.

«Түркия ретінде біз аймағымызды осы дағдарыстан тез арада шығару үшін бітімгерлік пен «әділ төрешілікті» қамтыған қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз» деген Президент: "Аймаққа тұрақты бейбітшілік 1967 жылғы шекарада Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне негізделген, астанасы шығыс Иерусалим болатын және бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуымен ғана мүмкін болады» деген  пікірін қайталады.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлады.

Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып жатқан кезде қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге кірді.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.

Шиеленіс күшейіп жатқан екі жақтан да жүздеген құрбан берілді.

 



Ұқсас жаңалықтар