"Араағайындыққа дайынбыз" деді

Президент тараптардың есіне  «соғыс этикасы мен мораль» бар екенін салды.

2048605
"Араағайындыққа дайынбыз" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты “Мен Түркия ретінде тараптар талап етсе, барлық түрдегі араағайындыққа дайын екенімізді айтқым келеді” деді.

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін ішкі және сыртқы күн тәртібіне тоқталды.

Ердоған «1967 жылғы шекарада, астанасы Иерусалим болатын және географиялық тұтастығы бар тәуелсіз, егемен Палестина мемлекеті құрылмайынша аймақта бейбітшілік пен тыныштық болмайды» деп ескертті.

«Біз Израильде де, Палестинада да бірде-бір жазықсыз адамның қанының төгілуін қабылдамайтынымызды әрқашан айтып келдік” деді президент.

Президент тараптардың есіне  «соғыс этикасы мен мораль» бар екенін салды.

«Газаны әуе және жерден шабуыл жасап  қирату, мешіттерді бомбалау, жазықсыз балалар, әйелдер, қарт адамдар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру ешқашан қабылданбайды. Әділ бейбітшіліктен ешкім ұтылмайды. Түркия ретінде тараптар талап етсе, біз кез келген араағайындыққа дайын екенімізді айтқым келеді. Біз Израильден Палестина жерлерін бомбалауды тоқтатуын және палестиналықтардың Израильдегі азаматтық елді мекендерді қиратуын тоқтатуын сұраймыз. Сонымен қатар біз Газа тұрғындарына қажет гуманитарлық көмек материалдарын жеткізу үшін қажетті дайындықтарды жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасаған болатын. Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыран атқыланып, қарулы топтар да аймақтағы елді мекендерге кірді.

Израиль армиясы да әскери ұшақтарымен Газа секторына қарсы операция бастағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар