АҚШ атып түсірген дронға тоқталды

Президент Ердоған Министрлер кеңесі отырысынан кейін ішкі және сыртқы күн тәртібіне тоқталды.

2048561
АҚШ атып түсірген дронға тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде сепаратистік террор ұйымына қарсы операция кезінде АҚШ F-16 ұшағы атып түсірген түрік қарулы ұшқышсыз ұшатын аппаратына тоқталды. «Бұл оқиға ұлттық жадымызда сақталғаны және уақыты келгенде қажетті шара қолданылатыны сөзсіз», - деді ол.

Президент Ердоған Министрлер кеңесі отырысынан кейін ішкі және сыртқы күн тәртібіне тоқталды.

Ердоған 1 қазаннан бері Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операцияларда 194 нысанның жойылып, 162 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. "Түркияның заңды құқығы - PKK-ны (жікшіл террор ұйымы) толығымен жойғанға дейін трансшекаралық операцияларын жалғастыру. Террор ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста болған күштерден өз элементтерін операциядан зардап шекпеуі үшін аймақтан алыста  сұраймыз. Террористтерден аулақ болыңыз» деді ол.

Ердоған өткен аптада Сирияның солтүстігіндегі операциялары кезінде АҚШ-тың F-16 ұшағы атып түсірген түрік дроны  туралы да айтты.

«Бұл оқиғаның ұлттық жадымызда сақталғаны және уақыты келгенде қажетті шара қолданылатыны сөзсіз», - деді ол.



Ұқсас жаңалықтар