Түркия Ауғанстанға көмек жолдады

Әуе күштерінің ұшағы жолға шықты.

2048194
Түркия Ауғанстанға көмек жолдады

Жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға Түркия қол ұшын береді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Түркияның Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібергенін хабарлады.  Министрлік «Еліміздің көмегін Ауғанстанға жеткіземіз.  Ауғанстанда болған жер сілкінісінен кейін қажетті гуманитарлық көмек материалдарын және Төтенше жағдай басқармасының жабдықтарын аймаққа жеткізетін Әуе күштерінің ұшағы жолға шықты» деп хабарлады.

Ауғанстанда Герат уәлаятында сенбі күні жер сілкінісі болып,  2 мың 445 адам қаза тапты, 2440 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар