Министр Фидан телефон дипломатиясын жалғастырды

Сыртқы істер министрі Израиль және Палестина шиеленісінің артынан көптеген әріптесімен телефонда сөйлесті.

2047733
Министр Фидан телефон дипломатиясын жалғастырды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израиль және Палестинадағы шиеленістерден кейін көптеген әріптесімен телефонда сөйлесті.

Дипломатиялық көздерден алынған мәліметтерге қарағанда Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн Абдулрахман әл Тани, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фархан, Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукри, Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики және Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиянмен Израиль және Палестинадағы оқиғаларды талқылады.

Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы кеше таңертеңгі уақытта Израильге «Әл-Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл бастағанын хабарлады.

Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыранмен шабуыл жасалып, қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге басып кірді.

Израиль армиясы болса ондаған әскери ұшағымен Газа секторына шабуыл бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар