Хакан Фидан Анкарадағы лаңкестік шабуыл жайлы мәлімдеме жасады

Хакан Фидан PKK/YPG-лік террористтердің Сириядан келгенін мәлімдеді.

2046297
Хакан Фидан Анкарадағы лаңкестік  шабуыл жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жексенбі күні ел астанасы Анкарада Ішкі істер министрлігі алдында жасалған бомбалы шабуыл әрекетінде залалсыздандырылған бөлшектеуші ұйым PKK/YPG-лік террористтердің Сириядан келгенін мәлімдеді.

Министр Фидан Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі Тахсин Эртуғрулоғлумен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Түркияның террормен күресудегі ұстанымының анық екенін түсіндірген  Фидан  «Осы соңғы оқиғадан кейін (Анкарадағы шабуыл) екі террористтің Сириядан келгені белгілі болды. Ирак пен Сириядағы PKK және YPG-ге тиесілі барлық инфрақұрылым, қондырма және энергетика нысандары енді қауіпсіздік күштеріміздің, Ұлттық барлау ұйымымыздың және  қарулы күштеріміздің  толық бақылауында болады» деді.  

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан  Түрік Қарулы Күштерінің лаңкестік әрекетке қатал тойтарыс беретінін және бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің бұл шабуылды жасағанына өкінетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар