Анкарада лаңкестік

Екі полиция қызметкері жеңіл жараланды.

2044668
Анкарада лаңкестік

Ел астанасы Анкарада лаңкестік болды. 

Ішкі істер министрі Али Йерликая Қауіпсіздік Бас Басқармасының қақпасының алдына жеңіл  көлікпен келген 2 террористтің бомбалы шабуыл жасағанын хабарлады.

Министр Йерликая оқиғада 2 полиция қызметкерінің жеңіл жарақат алғанын атап өтті.

"Лаңкестердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісі залалсыздандырылды», - деді министр. 

Анкара Бас прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар