Куртулмуш нәсілшілдікке қарсы екенін түсіндірді

Нуман Куртулмуш Еуропа Парламенті Төрағалары Конференциясының «Тұрақсыз кезеңдердегі демократия сынақтары» атты екінші отырысында сөз сөйледі.

2044069
Куртулмуш нәсілшілдікке қарсы екенін түсіндірді
numan kurtulmuş dublin.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Ирландияның астанасы Дублинде өткен Еуропа Парламенті Төрағалары Конференциясының «Тұрақсыз кезеңдердегі демократия сынақтары» атты екінші отырысында сөз сөйледі.

Куртулмуш «Әлемнің көптеген өңірінде, әсіресе Еуропа құрлығында нәсілшілдікке, шетелдік дұшпандыққа және діни өшпенділікке негізделген әрекеттерге сөз бостандығын сылтауратып, үнсіз қалу дұрыс емес деп есептеймін» деді.

Нуман Куртулмуш өшпенділік қылмыстарының, әсіресе ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кеңейіп келе жатқанын, жаңылыстыратын ақпараттың бақылаусыз таратылып жатқанын және мемлекеттік органдарға деген сенімсіздіктің пайда болғанын білдірді.

Куртулмуш ұшқары ағымдардың  күшеюінің өкілдік демократияларға кедергі ретінде алға шыққанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар