TRT World арнасының туындысы Эмми сыйлығын алды

«Оff the Grid» деректі фильмінің Украинада түсірілген бөлімі мыңдаған туынды арасынан марапатқа ие болды.

2043423
TRT World арнасының туындысы Эмми сыйлығын алды

Түркия Телерадио корпорациясы (TRT) әлемнің ең беделді телевизиялық сыйлығы Эммиді жеңіп алды.

TRT World дайындаған «Оff the Grid» деректі фильмінің Украинада түсірілген «Украина соғысы күнделіктері» бөлімі Халықаралық Эмми сыйлығының «Жаңалықтар және өзекті мәселелер» санатында мыңдаған туынды арасынан марапатқа ие болды.

Деректі фильмнің продюсері Мухсин Эннаими мен Александр Паулиат марапатты Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Нью-Йорк қаласында өткен салтанатты рәсімде қабылдап алды.

Марапаттау рәсіміне қатысқан ТРТ бас директорының орынбасары Өмер Фарук Танрыверди «Әрине мақтанамыз және қуаныштымыз. Бізге берілген бұл марапат - TRT World арнасының  халықаралық журналистика мен хабар таратуда жеткен нүктесінің дәлелі. Үлес қосқан баршаны құттықтаймын» деді.

TRT World арнасының координаторы Бора Байрактар болса былай деді: «Бұл сыйлық, ең алдымен, TRT World арнасының қаншалықты табысты екенін, халықаралық стандарттарда хабар таратып, халықаралық стандартта журналистикамен айналысатынын көрсетті. Басқаша айтқанда, бұл Америкадағы теледидардағы ең үлкен марапат. Түркияда түсірілген бір деректі фильм бұл сыйлықты бірінші рет  жеңіп алды».

Түсірілімі Украинада өткен, Моухсина Эннаими мен Александр Паулиат дайындаған және Хакан Хочаоглу түсірген деректі фильм соғыстың жойқын жүзін көрерменге ұсынады, сонымен бірге Украинадағы бейбіт тұрғындардың өміріндегі өзгерісті де көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар