42 мың 875 заңсыз иммигрант елден шығарылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2043524
42 мың 875 заңсыз иммигрант елден шығарылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая 1 маусым мен 22 қыркүйек аралығында 42 мың 875 заңсыз иммигранттың депортацияланғанын айтты.

Министр Йерликая бас қала Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Йерликая маусым айының басынан бастап 22 қыркүйекке дейін 97 мың 363 заңсыз иммигранттарды ұстағандарын және олардың 42 мың 875-ін елден шығарғандарын мәлімдеді.

Тұрақты емес иммигранттардың негізінен Ауғанстан, Пәкістан, Өзбекстан және Иран шекараларынан келгенін түсіндірген Йерликая Стамбулда «Мобильді көші-қон түйіні» қолданбасын іске қоса бастағандарын және сәтті болғандарын айтты.

Йерликая өткен аптада Грекияның Иммиграция және баспана министрі және Болгарияның Ішкі істер министрімен шекара қауіпсіздігі және заңсыз миграциямен күресу жөнінде телефон арқылы сөйлескенін айтты. Йерлікая  Болгария Ішкі істер министрі Калин Стояновтың 10 қазан күні Түркияға келетінін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар