Ердоған Нахчываннан оралғанда ұшақта мәлімдеме жасады

Ердоған «СКТР-ның танылуы тұрақты бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуді қалайтын барлық елдер үшін ең жақсы таңдау» деді.

2042536
Ердоған Нахчываннан оралғанда ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының танылуы тұрақты бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуді қалайтын барлық елдер үшін ең жақсы таңдау» деді.

Ердоған Әзербайжанның Нахчыван аймағына сапарынан оралғанда ұшақта жасаған мәлімдемесінде 3 қарашада Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының жиыны өтетінін және бұл жиынға Солтүстік Кипр Түрік Республикасының да бақылаушы мүше ретінде қатысатынын айтты.

Ердоған «СКТР-ның танылуы Кипр аралында тұрақты тыныштық пен тыныштықты қамтамасыз етуді қалайтын барлық елдер үшін ең жақсы таңдау болып табылады. Түріктердің бұл жердегі болуын жылдар бойы елемеуге тырысқандар барлық жолды іздеутіріп көрді. Алайда олардың әрбір қадамы сәтсіздікпен  аяқталды» деп көрсетті.

Ердоған «Ешкім бізден Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтарын елемеуімізді немесе оларды бұзуымызды күтпеуі керек. Біз Солтүстік Кипр Түрік Республикасының басқа елдердің мойындауы үшін дауысымызды тіпті жоғары көтеремізодан» деді.

Ердоған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың қазан-қараша айларында Түркияға келетінін де айтты.

Түркия мен Израильдің көптеген салада ынтымақтастығын атап өткен Президент «Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының болғаны бір шындық. Еуропа әсіресе Ресей-Украина соғысынан кейін пайда болған конъюнктураның ықпалымен үнемі энергия көздерін іздеуде. Израильдің ресурстарын Еуропаға тасымалдау тақырыбындағы ізденіс болғаны да баршаға аян. Ең ұтымды жол – бұл ресурстарды Түркия арқылы Еуропаға жеткізу. Соңғы кездесуімізде осы мәселені талқылап, жұмысқа кірістік» деді.

Енді бір жағынан президент Ердоған Зәңгезур және Лачын дәліздеріне қатысты «Біздің мақматымыз- бұл жерлерді бейбітшілік дәлізіне айналдыру. Әлі де соғыс болып жатқандықтан дәлізді ойлау мүмкін емес» деді.

Ердоған сөзін былай деп жалғастырды :«Қазір Ходжалы мен Қарабах үшін Әзербайжан егемендігінде тұрақты бейбітшілік пен тыныштық орнайтын уақыт келді».

Президент Ердоған Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты «Егер олар уәдесінде тұрса, біздің парламент те уәдесінде тұрады. Соған сәйкес қадамдарын жасайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар