Түркия Косовоның солтүстігіндегі шабуылды айыптады

Танжу Билгич жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілейтіндерін білдірді.

2041596
Түркия Косовоның солтүстігіндегі шабуылды айыптады

Түркия Косовоның солтүстігінде негізінен сербтер тұратын Банжска қаласында полиция қызметкерінің өліміне себеп болған шабуылды айыптады.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Танжу Билгич тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдемесінде Косовоның солтүстігінде сербтер көп тұратын Звечан муниципалитетінің Банжска ауылында орын алған және бір полиция қызметкерінің өліміне, сондай-ақ көптеген полиция қызметкерінің жарақат алуына  себеп болған шабуылды айыптағандарын білдірді.

Танжу Билгич жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілейтіндерін білдірді.

Билгич аймақтағы шиеленістің ұлғаюына жол бермеу үшін барлық тараптардың ұстамдылық танытып, зорлық-зомбылықтан аулақ болуының міндетті екенін атап көрсетті.

Еске сала кетейік, кеше таңертең Банжскада көлік жүретін жолды жауып тастаған қарулы сербтердің полицияға оқ жаудыруы салдарынан бір полиция қызметкері қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар