Ердоған журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттары сапарының соңында Нью-Йорктегі Түркевинде журналистерге сұхбат берді.

2040739
Ердоған журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының (БҰҰ) 78-ші сессиясына қатысты «Сессияда сөйлеген сөзімізде адамзатты қауіпсіз және гүлденген болашаққа жеткізу үшін басылуы қажет қадамдарға назар аудардым. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды халықаралық мәселелерге Түркияның көзқарасын білдірдім» деді.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттары сапарының соңында Нью-Йорктегі Түркевинде журналистерге сұхбат берді.

Ердоған «Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды қабылдағаныңызда энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері күн тәртіпке келді ме? Израиль-Палестина мәселесінің шешіміне қатысты қандай сөз айттыңыз? Түркияға келеді деп жоспарланған еді, бірақ ауырып қалды. Келетін уақыты белгілі болды ма?» деген сұрақтарға орай былай деді: «Біз сөйлестік, сіз айтқандай ның ауруына байланысты сол кезде келе алмады, бірақ мен оған: «Сен бұл сапарды алдымен жаса, сосын мен Израильге өз командаммен барамын» дедім. Сондықтан біз келістік. Біз бұл қадамды тым көп кешіктірмей жасаймыз және бірінші кезектегі мәселе--энергетика. Біз Израильмен бұрғылау жұмыстарын бастаймыз. Біз Түркияға ғана емес, сонымен қатар Түркиядан Еуропаға энергия тасымалдау желілерін іске қосамыз».

Ердоған әсіресе энергетика ынтымақтастығының Түркияны басқа жерге апара алатынын баяндап, «Біз олармен осыған байланысты әлеуетіміз туралы сөйлестік. Біз екі елдің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін министрлерімізде орын алатын бір механизм  құрудың пайдасын түсіндірдік. Энергетика, туризм және технология сияқты салаларда екі ел бірлесе жұмыс істей алады» деді.

«Сіз Грекияның премьер-министрі Мицотакиспен кездестіңіз. Ол Салоники форумында жаңа диалогты ерекше атап өтті. Сіз не туралы сөйлестіңіз? Қандай мәлемдеме жасадыңыз?» деген сұрақтарға Ердоған былай деп жауап берді: «Мақсатымыз Эгей теңізіндегі мазасыз атмосфераны сейілту және Мицотакистің көзқарасы да осы бағытта. Бірақ дәл қазір біз үшін ең маңызды қадам Салоникидегі саммит болмақ. Салоники саммиті Түркия мен Грекия арасындағы маңызды серпіліс болмақ. Сыртқы істер министрлеріміз алдын ала дайындық жасайды және бұл саммитті 7 желтоқсанда Салоникиде өткіземіз. Осы саммит арқылы көп нәрсенің өзгеретінін көреміз».

Президент Ердоған «Солтүстік Кипр Түрік Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында тануға шақырдыңыз. Үндеуіңіз жаңғырық жаратты, алдағы кезеңде жол картасы қандай болады?» деген сұраққа былай деді: «Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде тану--Кипр мәселесін шешуге ықпал ететін жалғыз және ең тиімді қадам. Біз басқа ұсыныстарды мойындамаймыз. Біз Түркия Республикасының құқықтарын сақтауға бел байладық».



Ұқсас жаңалықтар