Ердоған Түркевинде Биньямин Нетаньяхуды қабылдады

Президент Ердоған Нью-Йоркте Италия премьер-министрі Джорджия Мелони де қабылдады.

2039658
Ердоған Түркевинде Биньямин Нетаньяхуды қабылдады
erdoğan meloni.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ  президенті Джо Байден және жұбайының делегация басшылары мен жұбайларының құрметіне берілген қонақасына қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас ассамблеясы үшін Нью-Йоркке барған президент Ердоған кездесулерін жалғастыруда.

Президент Ердоған жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге Нью-Йорктегі Метрополитен өнер мұражайында Байден мен жұбайының берген қонақасына қатысты.

Ердоған кездесулері аясында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Түркевинде қабылдады.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда қабылдауда  екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар, халықаралық және аймақтық мәселелер, сондай-ақ  Израиль-Палестина қақтығысына қатысты соңғы оқиғалар талқыланды.

Қабылдауда президент Ердоған Түркияның Израильмен энергетика, технология, инновация, жасанды интеллект және кибер қауіпсіздік салаларында ортақ жұмыс жасай алатынын айтып, бейбітшілік орнаған әлем үшін бірге жұмыс жасау керектігін айтты.

Президент Ердоған қабылдаудан кейін әлеуметтік медиа парақшасында мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас Ассамблеясындағы байланыстарымыз аясында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездестік. Кеңестеріміз еліміз бен аймағымыз үшін пайдалы болсын» деді.

Президент Ердоған Нью-Йоркте Италия премьер-министрі Джорджия Мелони де қабылдады.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, қабылдауда екі ел арасындағы қарым-қатынастар, Түркияның Еуропа Одағына мүшелік процесі, аймақтық мәселелер, Ресей-Украина соғысының барысы, Қаратеңіз астық дәлізі бастамасының болашағы және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Қабылдауда президент Ердоған екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру үшін Экономика және сауда ортақ комитеті мен Іскерлік форум отырыстарының тезірек өткізілуі керектігін білдірді.

Президент Ердоған Х әлеуметтік медиа парақшасында жасаған мәлімдемесінде кездесудің көптеген салада күшті ынтымақтастық орнатқан Түркия-Италия қарым-қатынастарына пайдалы болуын тіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар