Ердоғанның АҚШ-тағы кездесулері жалғасуда

Президент Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергті қабылдады.

2039084
Ердоғанның АҚШ-тағы кездесулері жалғасуда
tebbun-erdogan.jpg
duda-erdogan.jpg
stoltenberg-erdogan.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 78-ші Бас Ассамблеясына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) астанасы Нью-Йоркке барған президент Режеп Тайып Ердоған Түркевиндегі кездесулерін жалғастыруда.

Президент Ердоған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергті қабылдады.

Ердоған қабылдаудан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында кездестім. Кездесуде күн тәртібіміздегі аймақтық және жаһандық мәселелерді талқыладық. НАТО миссияларын ең белсенді түрде қолдайтын елдердің бірі боламыз» деді.

Ердоған Польша президенті Анджей Дудамен де кездесті.

Ердоған Дудамен кездесуіне қатысты «Түркевинде Польша президенті Анджей Дудамен кездесуімізде екіжақты қарым-қатынастармен қатар аймақтық мәселелерді де талқыладық. Дуда мырзамен кездесуіміз елдеріміз бен өңіріміз үшін пайдалы болады деп сенемін» деп көрсетті.

Президент Ердоған Алжир президенті Абдулмеджид Теббунмен де кездесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, кездесуде екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар, сондай-ақ БҰҰ күн тәртібіндегі мәселелер мен аймақтық және жаһандық оқиғалар қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар