Грекия премьер-министрі Түркиямен қатынасқа тоқталды

Мицотакис Түркия мен Грекия арасындағы диалогтың маңызды екенін айтты.

2038781
Грекия премьер-министрі Түркиямен қатынасқа тоқталды

Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Түркия мен Грекия арасындағы диалог арналарының ашық болуының маңызды екенін айтты.

Мицотакис биыл 87-ші Халықаралық Салоники жәрмеңкесі аясында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Менің ойымша, Түркиямен барлық деңгейде диалог арналарын қайта ашу өте жақсы болады» деді ол.

Мицотакис президент Режеп Тайып Ердоғанмен басшылық деңгейіндегі кездесумен қатар министрлер мен министр орынбасарлары арасындағы кездесулердің де маңызды екенін, сенім шаралары мен оң күн тәртібін талқылаудың екіжақты қарым-қатынастар үшін пайдалы екенін айтты. Мицотакис “Өткеннен келе жатқан түйткілдер кенет шешіледі деп күтпей, келіспеушіліктер туындаған кезде азаматтық тұрғыда келіспейтін тұстарды ашып, келісіп алайық» деді.



Ұқсас жаңалықтар