«Eric» штамы Түркияда 9 кісіде тіркелді

Министр уайым туғызбайтын жағдай екенін айтты.

2037840
«Eric» штамы Түркияда 9 кісіде тіркелді

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа ковид-19 вирусының «Eric» штамының Түркияда 9 кісіде тіркелгенін білдірді.  Ол бұл жағдайдың уайым туғызбауы керектігін айтты.

Министр Кожа штамның шетелден келген адамдарда табылғанын айтып: «Уайым туғызбауы керек. Ауруға шалдықтырмайды.  «Eric» штамы 9 кісіде табылды. Шетелден келген кісілер, бардығы бір қалада. Сақтық шараларына бағынып, тірлігімізді жалғастырамыз. Жаңа штамм басқа елдерде таралды,  бізге келуі де ықтимал болатын. Үлкен кісілерді, созылмалы аурумен ауыратын кісілерді қорғау қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар