Түркия Ливия халқының қасында болады

Куртулмуш Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Текелемен телефон арқылы сөйлесті.

2036720
Түркия Ливия халқының қасында болады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Президент Куртулмуш Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Текелемен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімеде  Куртулмуш Ливиядағы дауыл мен су тасқыны апаты үшін Текелеге көңіл айтты.

Апат үшін қатты қайғырғандарын айтқан Куртулмуш бауырлас Ливия халқының қайғысын бөліскендерін білдірді.

Куртулмуш түрік халқының осы азапты апаттың жараларының тез жазылуы үшін барлық қолдауды беруге дайын екенін, Түркияның барлық мүмкіндігімен Ливия халқының жасында  болуын жалғастыратынын білдірді.

Ливия Президенттік кеңесі төрағасының орынбасары Мұса әл-Куни де елдегі су тасқынынан кейін көрсеткен қолдауы үшін Түркияға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар