Ердоған Ливия көшбасшысы Менфиге көңіл айтты

Ердоған Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфиге көңіл айтты.

2036588
Ердоған Ливия көшбасшысы Менфиге көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккен Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфимен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Ердоған әңгімеде Ливиядағы тасқын апатына байланысты Мұхаммед әл-Менфиге көңіл айтты.

Ердоған Түркияның апатқа қарсы күресте дос және бауырлас Ливия халқының әрқашан жанында екенін және көмектердің жалғасатынын білдірді.

Елдегі дауыл және тоқтаусыз жаңбыр  салдарынан сел жүрді. Сел апатынан мыңдаған адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар